Токио Олимпиадасы айырықша тәртіппен ұйымдастырылмақ

637

0

Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп күтілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Шара бұрынғы Олимпиада шараларына қарағанда мүлдем өзгеше болатындығы белгілі болды. Көрермендер, спортшылар мен делегациялардың жүріс-тұрыс ережелерінің толық жиынтығы сәуір айында жарияланады. Бірақ стадиондар мен іс-шаралар өткізу кезінде әндерді қатты айқайлап айтуға тыйым салынатыны белгілі болды.

Еске салсақ, Токио үкіметі жүргізілген сауалнамаға сәйкес, алдағы жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары еріктілерінің 79 пайызы жаңа коронавирустың таралуына қатысты алаңдаушылық танытқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<