Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

420

0

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметі Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында «Құқықтық патруль» атты акциясын ұйымдастырды.
Аталған жиынға Қызылорда гарнизонының әскери прокурорының ЛУА әділет капитаны Р.Ф.Снопов және Қызылорда гарнизонының әскери заңгерлері де қатысты.
Атап айтар болсақ, 66597 әскери бөлімінің заң қызметінің бастығы әділет майоры А.Д.Бейсембек, ҚР ІІМ Ұлтық Ұланның 5547 әскери бөлім командирінің құқықтық сұрақтар бойынша көмекшісі әділет лейтенанты А.М.Шалабаев және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы капитан Н.К.Ильясов және заң қызметі бастығының орынбасары А.Қ.Ысмайылов болды.  
Жиналыстың негізгі мақсаты, әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастарына байланысты кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды жеткізу болып табылады.
Толыққанды заң аясында түсіндірме жұмыстарын жеткізу үшін Қызылорда филиалының «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Б.А.Ержанова мен тұтынушылармен жұмыс жасау бөлім бастығының орынбасары А.Н.Асановта арнайы шақыртылды.
Естеріңізге сала кетейік,  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастырып мақұлданған болатын. Заң жобасының мақсаты мен маңызы баспанаға мұқтаж болған барлық әскери қызметшілердің санаттарын төл тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Қарастырылып отырған тетіктерге тоқталсақ, әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есеп-шотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болды.
Өңіріміз бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы еңбек өтіліне қарай кез-келген әскери қызметші баспаналы болуға мүмкіндіктер толыққанды жасалғанын жиын қатысушыларына толыққанды мағлұмат берді.
Осы бағытта Қызылорда аудандық пайдалану бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, Қызылорда гарнизоны бойынша 611 әскери қызметші  кезекте тұр. Оның 137 офицер, 474 келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер.
Тұрғын үй мәселесі бойынша 37 қызметтік үй бар. Оның 28-де әскери қызметшілер тұруда.  Қазіргі таңда 9 пәтер бос.  Егерде жұмыс барысында еліміздің өзге қалаларында әскери қызмет атқарып, туған жеріне оралғысы келетін еңбек өтілі 20-25 жылдан астамы бар әскери қызметшілер болса, бос тұрған 9 пәтердің қалағанын  жекешелендіруге мүмкіндіктері бар.
Алдағы уақытта,  «Құқықтық патруль» атты акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.
                                                    Қызылорда облысы қорғаныс істері
                                                    жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<