Тұтынушыны электрмен жабдықтау жүйесіне қосу тәртібі

49

0

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желілеріне рұқсат алу үшін техникалық шарттарды кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді.

Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар Электр энергиясын пайдалану қағидасына сәйкес өтінім негізінде беріледі.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін

техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

   1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

    2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

   3) электрменсырттайжабдықтаусхемасы өзгергенде;

   4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрменжабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:

   қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларына – 5 жұмыс күнінің ішінде;

   қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына – 10 жұмыс күнінің ішінде;

   қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына – 15 жұмыс күнінің ішінде.

   Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.

   Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

   Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:

   қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына – 3 жұмыс күнінің ішінде;

   қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына – 7 жұмыс күнінің ішінде;

   қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына – 12 жұмыс күнінің ішінде.

   Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.

Электр қондырғылары тұтынушылардың электр желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар тұтынушыға берілген техникалық шарттарды тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымымен келісіледі.Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттарды қосалқы тұтынушыларға тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі.

Тұтынушылардың барлық қайта қосылатын және қайта құрылатын электр қондырғылары жобалық және техникалық қабылдау-тапсыру құжаттамасына сәйкес орындалады.Электр қондырғылары пайдалануға енгізілгенге дейін қабылдау-тапсыру сынағынан өтеді және тұтынушы оны құрастыру-реттеу ұйымынан акт бойынша қабылдайды.

Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:

   энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сырттай қосылу және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру туралы қорытындымен, тұтынушы электр қондырғыларын қосуға материалдар ұсынғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тексеріп байқайды;

    энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды электрмен жабдықтау шартын жасасу туралы 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлайды;

   энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.

   Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

 

Мұрат Үлеков, 

ҚР Энергетика министрлігі 

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 

Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз