Түркістан облысында жоғалған туристер: Тағы бір адамның мәйіті табылды

401

0

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағытты тексеру барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (РЖҚЖ) Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<