Тұрғындарға ақпарат

605

0

Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары!

2021 жылдың 11 маусымында Қызылорда қаласындағы № 4 С.Сейфуллин атындағы мектепте антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі.Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының дағдыларын қалыптастыру.

Осы күні сағат 08:00 -12:00 уақыт аралығында облыс орталығының белгіленген ауданында шектеу енгізіледі. Оның ішінде Жақаев – А.Алтынсарин көшелерінде жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<