Тұңғыш Президент күні тойланды

267

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа мазмұндағы мемлекет құрудағы ерен еңбегін паш ету және жастардың бойында патриотизмді нығайту мақсатында аймақта түрлі форматтағы шаралар өтті. Солардың бірі, облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен ұйымдастырылған шара Қызылорда облыстық мұрағатында өтті. Ұлық мерекеге арналған көпшілік шара барысында сала мамандары марапатталды.

«Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорымен 4 желтоқсан күні ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында бірнеше саланың үздіктері марапатталып, Қазақстанның бүгінгі саяси аренадағы беделі – Елбасының ерен еңбегі екені паш етілді.

5 желтоқсан күні М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде өткен көпшілік шарада айтулы мерекеге арналып көрме ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<