ҮЕҰ дерекқорына есепті уақытында тапсыру қажет

1192

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске салады.

 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін жолдануы тиіс.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтер ұсынбаған ұйымдар конкурстық рәсімдерге жіберілмейді.

Айта кетейік, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу ұйымдарға қазақстандық ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Мәліметтер «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:

1) ҮЕҰ дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);

2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі», 15-кіреберіс).

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және толық емес немесе көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Осы орайда үкіметтік емес ұйымдарды 2021 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ дерекқорына infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы 2020 жылғы қызмет туралы мәліметтерді тапсыруға шақырамыз. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз