Ұлытауда алты өрт ошағы бақылауға алынды

482

0

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында малы қырылып, жері өртенген халыққа араға 5 күн салып, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ екенін айтады. Пионер, Байқоңыр және Шеңбер ауылдық округтеріне түнде тілсіз жау едәуір жақын келгенімен, құтқарушылар апаттың бетін қайтарған. Жақын өңірлерден техника, жанар-жағармай мен азық-түлік жеткізіліп жатыр. Осыған дейін төтенше жағдай жарияланған Амангелді ауылдық округінде өрт толық сөндірілген. Қазір Ұлытау ауданы бойынша барлығы 6 өрт ошағы бақылауға алынды. Қызыл жалынмен күреске қосымша техника мен әскери бөлім сарбаздары тартылған.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:

– Кеше Пионер, Байқоңыр ауылдарына тілсіз жау 10 шақырым жерге дейін жақындап келген жағдай болды. Бірақ кешенді шаралар нәтижесінде елді мекенге зардап тиген жоқ. Жезқазған мен Сәтпаев қалаларынан қосымша техника алдырдық. Жағдай толық бақылауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<