URKER-2021: ҚазАқпарат «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» атанды

432

0


ҚазАқпарат – ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық бәйгесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

inform.kz сайты «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңіске жетті. Марапатты ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында осындай марапат алу – тұтас «ҚазАқпарат» акционерлік қоғамы үшін үлкен құрмет. Журналистерге, оқырмандарға, әділ қазы алқасына үлкен алғыс айтамыз. Көп рахмет сіздерге!», – деді «ҚазАқпарат» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Умаров

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ – Қазақстанда бірінші болып халықаралық дәрежеге ие болған жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі. ҚазАқпарат 100 жылдан астам уақыт ішінде саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның басқа да маңызды салалары туралы сенімді және жедел ақпарат таратып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<