Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмысқа ауыстырылады

938

1

Вакцина алмаған немесе соңғы 6 айда коронавируспен ауырмаған мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында айтылған.

«CОVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде CОVID-19-мен ауырмаған қызметкерлер міндеттерін орындау қашықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады», деп жазылған құжатта.

Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Пікірлер:
  • НЕГЕ ЖҰМЫСТАН ҚАШЫҚҚА АУЫСТЫРЫЛАДЫ? НЕ СЕБЕП? ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЕСТІП ОТЫРМЫЗ, МƏЖБҮРЛІ ТҮРДЕ , «ЖҰМЫСТАН ШЫҒАСЫҢ» ДЕП ҚОРҚЫТУ АРҚЫЛЫ КОВИДКЕ ВАКЦИНАНЫ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР. НЕГЕ? ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚ БЕРІЛГЕН? ҚАЗАҚТЫҢ ҰРПАҒЫН ҚҰРТУ ЕМЕС ПЕ?

Пікір жазыңыз