Ветинариялық шаралардың орындалу барысы

424

0

Биылғы жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында 16 түрлі аса жұқпалы аурулардың алдын алу үшін республикалық бюджетттен 6311,2 мың доза ветеринариялық препараттар қаралған. Қазіргі күні, облысқа 6280,3 мың доза жеткізіліп, бекітілген 10 айлық жоспар 96,9% орындалды. Бұл жөнінде Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда. Қазіргі күні 87,7 мың бас мүйізді ірі қара, 266,6 мың бас уақ мал, 9,0 мың бас түйе, 669 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор жүйесіне енгізілді.

Арал ауданында орын алған қуаңшылық салдарынан бүгінгі күнге жалпы 597 бастың өлім-жітімі тіркелді. Барлығы 205822 бас төрт түлік малға 180 күнге 184640 тонна шөп қажет екендігі есептелініп, нәтижесінде 163263 тонна шөп және 2960,8 тонна жем жеткізілді. Сонымен қатар Қазалы ауданындағы мал шығыны барысында аудан әкімдігімен бірлесіп, кеткен шығынға байланысты зерттеу-зерделеу жұмыстары тиісінше орындалды.Мал су ішетін қашыртқы суынан сынамалар қосымша Қазалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертханасына зерттеуге өткізілді. Сараптама барысында мал иелерімен кездесіп мал жайылымы мен суаттарын ауыстыру, мамандарға уақытылы хабарлау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жаңақорған ауданының 8 ауылдық округінің егін алқаптарындағы қашыртқылардағы су көлемі азайып, мал ішуге жеткіліксіз болған. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасы Жаңақорған ауданы әкімдігі және тиісті мекемелермен кездесіп, мәселені шешуде жан-жақты бірнеше бағыты талқыланды. Нәтижесінде Сырдария өзенінен су алу мәселесіне қазіргі жағдай түсіндіріліп, су мәселесін шұғыл шешудің егістік жерде жер асты суының қазіргі таңда жақындығы ескеріліп, құдық қазудың тиімділігі түсіндірілді»,- деді басқарма басшысы Шахмардан Сұлтанбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<