WorldSkills − 2022 республикалық чемпионаты

355

0

WorldSkills -кадр даярлаудың орнықты үлгісін құру, адами капиталды дамыту және бизнес пен кәсіптік білім беру мақсатын көздейтін халықаралық қозғалыс. Қазақстан әлемдік чемпионатқа 2014 жылдан бері қатысып, 63 елдің арасында былтыр 14-орынды және еуропалық чемпионатқа қатысушы 19 елдің арасында 9-орынды иеленді. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. WorldSkills кәсіптік білімнің дамуына оң әсерін тигізеді. Оның чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекетте өтеді. оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар, танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады. Елімізде бұл жоба биылда жүйелі жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың 14-наурызында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде WorldSkills − 2022 республикалық чемпионатының колледж ішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу кезеңінде «Электромонтаждау» , «Инженерлік графика САD» , «Желілік және жүйелік басқарушы », «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сайысқа қатысты.WorldSkills колледж ішілік чемпионатын өткізу мақсаты –колледж білім алушыларының шеберлік дағдыларын дамыту,біліктіліктерін,білімдерін саралай отырып ең мықты деген болашақ мамандарға WorldSkills Ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңінде өздерінің шеберліктерін көрсетуге жолдама беру. Колледжімізде өткізілген іріктеу кезеңінде «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша Тұрсынбай Наурызбек өзінің шеберлігін көрсете отырып WorldSkills Ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңіне жолдама алды. Сонымен қатар 2022 жылдың 12-13 мамыр аралығында «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде WorldSkills − 2022 республикалық чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі жалғасын тапты. Электромонтаж құзыреттілігі бойынша аймақтағы төрт колледж студенттері бақ сынады. Білім мен тәжірибелерін ортаға салды. Нәтижесінде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж студенті Тұрсынбай Наурызбек мамандығын үздік меңгергенін байқатып, I орын иелене отырып WorldSkills − 2022 республикалық чемпионатына жолдама алды. Жүлделі екінші орынға Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенті Айнұр Айтуғанұлы лайық деп танылды. Ал III орынды «ORDA» жоғары колледжінің шәкірті Жайдарлы Бостановпен «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің білім алушысы Нұрдәулет Нұрланұлы өзара бөлісті. WorldSkills − 2022 республикалық чемпионатына жолдама алған Тұрсынбай Наурызбек студентімізге алдағы бәсекеге сәттілік тілей отырып, облысымыздың абыройын асқақтатып ,намысты қолдан бермей биіктен көрінуіне тілектеспіз!

Маралхан ТАЛҒАТҰЛЫ,

Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<