«Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді

403

0

Облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің  ұйымдастыруымен «Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді.

Байқаудың мақсат-міндеттері:

1) Кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;

2) Білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау;

3) Мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату, кеңінен насихаттау;

4) Мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.

 Байқаудың шарттары:

Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.

Байқау критерилері:

Конкурсқа қатысу үшін ұстаз өзінің инновациялық білім беру технологияларының бірін қолдана отырып, «Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс»  тақырыбында 3-4 минуттық бейнеролигын ұсынады. Бейнероликті мамыр айының 1-не дейін көрсетілген мекен-жайға жіберуі тиіс.

Байқаудың өту уақыты: 

2018 жылдың мамыр-маусым  аралығында өтеді.

 Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы комиссиясы іріктеп қарайды. Сондай-ақ басылым сайтында «дауыс беру» арқылы анықталады. Іріктеуден ең үздік деп танылған ұстаздар редакцияның арнайы  мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жұмыстарыңызды aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды почтасына немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4, «Сыр Медиа» мекемесінің 314 кабинетіне жолдаңыздар.

Байқаудың нәтижелері басылым сайтында жарық көреді.

Байқау ақысыз түрде өтеді.

Байланыс үшін: 

8(7242) 40-06-71

8(7242) 70-10-69

87076120393

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<