Жалпыға ортақ жауапкершілік

257

0

Жуырда Ә.Тәжібаев  атындағы облыстық ғылы­ми кітапханасында «Ауыл шаруашылығы кешеніндегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы те­тіктер»  тақырыбында ғылыми – тәжірибелік кон­­фе­ренция өтті. Жиынды Мемлекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас­қар­ма басшысы Бағдат Ізкенов жүргізді.

– Елбасы 1997 жылы елі­міздің 2030 жылға дейінгі дамуын айқындайтын ауқымды стратегиялық құжатты бекітіп, онда басым бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқор­лық­пен батыл әрі аяусыз күресті айқындап, атап көрсетті. Ал, 1998 жылы ҚР «Сыбайлас жем­қорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды. Бүгінде атал­ған Заңның аясында қоғам «дер­тімен» күрес күшейтіліп келеді, – деді Б.Ізкенов.

Бұдан соң еліміздегі сыбай­лас жемқорлықпен күрес жолында азаматтық қоғам мен саяси партиялардың белсенді іс-қимылы баяндалып, атқа­рыл­ған шаралар бейнеролик ар­қылы көрсетілді.

Шарада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төра­ғасының орынбасары Ержан Бай­тілес келелі ойларымен бөлісті. Партияның сыбайлас жем­қорлыққа қарсы 2015 – 2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағ­дарламасының шеңберінде қоғамдық бақылаудың аясы  кеңейіп, түйткілді мәселелерді ашық талқылау арқылы қо­ғам­дық ортада партияның ық­палы артып отырғанын атап өтті.

Конференцияда Балтабай Ысқақов, Жалғас Нысанұлы, Сағытжан Керімов сияқты ауыл шаруашылығы саласының арда­герлері сөз сөйледі. Аға буын өкілдері адами қасиетті бе­рік ұстап,  адал еңбекпен абы­ройға бөленудің түп-төркіні ең алдымен отбасындағы тәлім-тәр­бие­ден бас­тау алатынын, одан әрі қоғамдық ортаның ықпалы болатынын айтты.

Сонымен қатар, департа­мен­ттің  басқарма басшысы Бағ­­дат Ізкенов, агроөнеркәсіп ке­ше­ніндегі мемлекеттік инс­пек­ция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы басшы­сының міндетін атқарушы Жанат Дүзелбаева хабарлама жасады.

Конференцияда айтылған ұсы­­ныс-пікірлер назарға алынып, сыбайластықты жою шараларын одан әрі жетілдіру, сонымен қатар, рухани жаңғыру бағытындағы  кешенді бағдар­ламаны барынша сапалы іске асырудың маңыздылығы айтылды.

                                                                                                    

 Ғазиза ӘБІЛДА,  

 «Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<