Жаңа кітап оқырманға жол тартты

538

0

Облыстық ардагерлер кеңесі және «Ардагерлер үйі» ем-дом алу орталығының ұйымдастыруымен алдағы келе жатқан Конституция күніне орай «Ата Заң – аппақ үміт, асқақ мақсат» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға қоғам қайраткері Жақай Бодықбаев, мемлекет және қоғам қайраткері, «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжалы Ерімбетов және басқа да 50-ге жуық ардагер қатысты.

Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Өмірбек Шәменов ашып, мерейі асқан Конституция күні мерекесімен барша қатысушыларды құттықтады.

– «Екі дүниең абат, екі тойың қабат болсын» демекші, келе жатқан мереке қарсаңында көлік саласының ардагері, жазушы һәм ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Кәсіпкер келбеті» газеті мен «Кәсіпкер мәдениеті» журналының құрылтайшысы Жүзбай Таңрақбаевтың «Жолдағы ойлар» кітабының тұсаукесер іс-шарасы бүгін қатар өтпек, – деді төраға орынбасары.

Шара барысында қоғам қайраткерлері А.Божанова, Ж.Бодықбаев сөз сөйлеп, ел амандығын тіледі.

Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйснбаев, Алмагүл Божанова Ж.Таңрақбаевтың жаңа кітабының лентасын қиып, жазушыға шығармашылық табыс тіледі.

«Сыр медиа» ЖШС ардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер журналист Кенжалы Ерімбетов жаңа кітап жайлы пікірін білдірді.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<