Жаңақорғанда күн электр станциясы іске қосылады

764

0

Жыл соңына дейін Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаваттық күн электр станциясы іске қосылады. Өткен жылы Жалағаш және Шиелі аудандарында жалпы қуаттылығы 80 мегаватты құрайтын 2 күн электр станциялары пайдалануға берілді.

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов осындай жағым­ды жаңалықты жеткізді.

– Біздің аймақ – күн сәулесі мол түсетін өңір. Оны ұтымды пайдалану мақсатында шағын елді мекендерде осындай жобалар жүзеге асырылды. Енді қуаттылығы мол станцияларға көңіл бөлінуде. Мәселен, ҚР Энер­гетика министрлігінің ұйым­дастыруымен үстіміздегі жылғы 10 желтоқсанда өткізіл­ген аукциондық сатылымның нәтижесімен «Хевел Қазақстан» компаниясы жеңімпаз болып анықталып, Арал қаласында қуаттылығы 20 мегаваттық күн электр станциясы салынады. Бұл өңірдің электр энергиясына деген тәуелділікті азайтады, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, сондай-ақ, 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында 6 әлеуметтік нысанның бу қазандықтары газға ауысты­рылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 13 әлеу­меттік нысан «көгілдір отынға» қосылды. Бұл мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«СБ»ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<