Жаны жомарт жан

763

0

«Басқаларға неғұрлым көбірек жақсылық жасаған сайын

өзіңнің де бағың ашыла береді»

Н.Бентам

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Дегенмен, пенде болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Жаныңа батқан кезде жаныңды солар алып қалатындай ақ халатты жандардың алдына барасың. Сондай кезде жылы шырай танытып, жылы-жылы сөздер айтып қарсы алса, ауырған жерің жазылып кеткендей боласың.

Міне, осындай шалқар көңілінен мың адам қатар тұрып «Нұр» ішетін жандардың бірі – облыстық медициналық орталықтың білікті де білімді дәрігері Құламерген Ізмағанбетов жайында ой өрбіткім келеді.

Бұл кісінің алдына еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін барады. Қашан барсаң да қарбалас жұмыспен жүргені. Бір адамға «ертең кел, күте тұр» деген сөзін естімедім. Қолынан келген көмегін аямайды. Бет-жүзіне қарап қатаңдау ма дерсің. Жоқ. Жүрегі кең, көңілі жомарт, қолы жеңіл, сөзі шипалы жан екенін ем қабылдағанда аңғарасың.

Сонда қарап ойланып отырып, шіркін, бүкіл дәрігер осы кісідей болса деймін! Бірақ олай болуы мүмкін емес қой, бес саусақтың өзі бірдей ме?

 «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей, көбінесе сол жандардың қадіріне жете бермейміз, қалтарыста қалдырып қоямыз. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегенді де ұмытпай, бір сәт осындай білікті мамандардың ісіне оң баға беріп, ескеріп, бір ауыз жылы сөзбен болса да марапаттап отырсақ, бір марқайып қалар еді. «Бір анадан жерге қарататын жеті ұл туғанша, жеті атадан өзіне қарататын бір ұл тусайшы» деген нақылды бабаларымыз осы Құламерген сияқты ұлдарына арнап айтып кеткендей.

Өз мамандығын жүрегіңмен дұрыс таңдап, жан-тәнімен халқына қызмет етіп жүрген Құламерген інімнің ақ адал еңбегіне разы болып, алғысымды ақ қағаз арқылы білдіргім келді.

Бибісара Омарова-Кенжебекова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<