Жапониядағы жойқын зілзала: қаза тапқандар саны 161-ге жетті

283

0

Фото: ашық дереккөз

1 қаңтарда Жапонияның Исикава префектурасында болған бірқатар жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік басылым жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып таратқан ақпарат бойынша, Жапонияның Исикава префектурасындағы Ното түбегіндегі бірқатар жер сілкінісінен кейін 161 адам қаза тапты, тағы 103 адам хабарсыз кеткен. Сондай-ақ жолдар мен көпірлердің бұзылуына байланысты 2300-ден астам адам коммуникациядан қол үзіп қалған. Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар жойқын зілзаладан кейін цунами қаупі жарияланды. Бірден магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Осака, Киото және Токиода қатты сезілді.

Жер сілкінісінің ауыр зардаптарына және көптеген қаза тапқандар мен зардап шеккендерге байланысты АҚШ пен Ұлыбритания Жапонияға көмек ұсынды. 3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адам шығынына байланысты көңіл айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<