Жастар фестивалі қорытындыланды

584

0

Бүгін Қазалы аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» атты фестивалдің қорытынды кеші өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараны аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, «Ғылыми жоба» бағыты бойынша үздік болған жастарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқу гранты сертификатын және жетекшілеріне аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

– «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында білім тұрады. Білімділігі мен біліктілігін байқатқан аудан жастары «Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр» атты фестивалде өздерін басқа қырынан көрсете білді. Еңселі елдің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екенін ескерсек, жердің де, елдің де иесі – жастар. Сондықтан елдің ертеңі болған аудан жастарының келешегіне сәттілік тілегім келеді, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Мұнан соң “Энергомера” ЖШС директоры Бекетай Мұқашев сөз алып, “Интеллектуалдық сайыс” және “Патриоттық әндер” байқауы бойынша жеңіске жеткен жастарды марапаттап, ақшалай жүлдесін тарту етті. Одан бөлек, “Zhanel farm” ЖШС-нің директоры Гүлназ Ашрафина “Бизнес жоба” бағытында жүлделі орыннан көрінген оқушыларды құттықтап, өзінің қаржылай жүлдесі мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Айта кетейік, аудан жастары 4 бағыт бойынша бақ сынайтын фестиваль жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<