Жеке сот орындаушыларына жауапкершілік қатаңдатылды

566

0

Әділет министрі Марат Бекетаев халыққа есеп беру кездесуі барысында сот актілерін орындау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Бұл бағыт әділет органдары қызметінің маңызды салаларының бірі болып қала береді. Сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс жүргізу туралы заңға түзетулер қабылданды. Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі қатаңдатылды, сонымен бірге жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының өкілеттіктері күшейтіліп, кеңейтілді. Қабылданған заңнамалық шаралар нақты орындалған құжаттар санының 45%-ға артуына ықпал етті», – деді министр.

Спикердің айтуынша заңнамаға сот актісін орындауға нақты мүмкіндігі болмай отырған мән-жайлардың толық тізбесін айқындайтын өзгерістер де енгізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<