Жеңімпаздар марапаты

364

0

Өрлеудің филиалдарында жыл сайын өткізілетін педагогтердің республикалық кәсіби байқаулары, педагогикалық оқулар, олимпиадалар қазақстандық білім беру жүйесін дамытуға, білім алушыларға сапалы білім беру әдістерін оқу үдерісіне кеңінен енгізуге, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал етеді.

Облыстық байқау ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының түйінді идеяларын сындарлы оқыту үдерісіне енгізудегі үлгілі педагогикалық тәжірибелерін анықтау және насихаттау бағытында өткізілді.

Кәсіби байқауға:

МАД бойынша – 4,

Бастауыш сынып бойынша – 50,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 30,

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 17,

Информатика пәні бойынша – 18,

Ағылшын тілі бойынша – 25,

Математика пәні бойынша – 20,

Көркем еңбек пәні бойынша – 17,

Тарих пәні бойынша – 15,

География пәні бойынша – 14,

Музыка пәні бойынша – 14,

Дене шынықтыру пәні бойынша – 7,

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша – 5,

Физика пәні бойынша – 10,

Химия пәні бойынша – 15,

Биология пәні бойынша – 20,

Инклюзивті білім беру бойынша – 7,

Таңдау курстары бойынша – 5, барлығы – 293 жұмыс келіп түсті.

«Өрлеу» Қызылорда филиалының тренерлері әр пән бойынша келіп түскен жұмыстарды: қысқа мерзімді жоспар, рефлексивтік есеп, бейнесабақтарды сараптаудан өткізіп, үздіктер анықталды.

4 сәуір күні «Үздік қысқа мерзімді жоспар – 2023» облыстық байқауы қорытындыланып, жеңімпаз ұстаздар марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша озық нәтиже көрсетіп, жұмыстары үздік танылған пән мұғалімдеріне 1, 2. 3 дәрежелі дипломдар табысталды. Жүлдегер ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Оразбай Орманов,

«Өрлеу» Қызылорда филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<