Жетіспей тұрған махаббат шығар?!

1711

0

(өлең) 
 
 Желкенін жайып, желіне салды,
 беріле салды күзге есе, 
 Қомағай жүрек берілмес еді-ау,
 үмітін үздік үзбесе
 Тəңірі берген тəнсіздік пе екен,
 жансыздық па екен тым бөлек?
 Қасқайған намыс айырыла берді,
 ойыладым сосын жын ба деп?
 Жетіспей тұрған махаббат шығар, 
 жо-жоқ, қалқам, шамшырақ!
 Тамшылап жатты шам жағылғанда
 бақшаға. 
 Сезімнің суы бəтшағар...
 тұра қоймайды шықтың ұратын 
 суықтарына жан шыдап!
 Өткелден өткен өткіншілерім-ай 
 өздерің ғана өсіңдер, 
 Арам сезімдерге жол бермей,
 Арам шөптердей таралып барып бөсіңдер
 Арам шөптердей тасқындай беріп көшіңдер
 Өз кезегімде керіліп тұрып, сескене бермей, кектенбей
 Менің асатын асуларым таусылып,
 көтерілетін жоқ белдей?
 Мейірімділікпен қарайын төніп бақтарға
 Жазбайын сосын өлеңдер кейде,
 жазыла қоймайтын шақтарда! 

Нартай ҚАЙБУЛЛАЕВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<