Жолда абай болыңыз!

642

0

Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының 13-бөлімінің 14-тармағына сәйкес – солға немесе керi бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағытта бiрдей маңызды жол бойымен тiке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қағиданың бұл талаптарын бұзған, азамат И.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат И. өзінің басқаруындағы  автокөлігін Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесімен басқарып келіп, Әйтеке би көшесі қиылысында солға бұрылу барысында, қарама-қарсы бағытта өзіне тіке қозғалыс жасап келген жәбірленушінің автокөлігіне жол бермей соқтығыс жасап,  материалдық залал келтірілген.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға И. ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40838 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<