Жолдау – даму өзегі

1106

0

Кезекті Жолдау әр саланың алдында тұрған басты мақсатты тағы бір айқындады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымен дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге ерекше алғысын білдіріп, күрделі кезеңмен күрестің жалғасатынын жеткізді. Бұл ретте айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетудің маңызы зор.

Мемлекет басшысының ғылымға қолдауды күшейтуді, соның ішінде «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізуге мың грант бөлінуін тапсыруы саланың беделін биіктетіп ғана қоймай, жастарға ерекше серпін сыйлағаны сөзсіз. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастыру мәселесі де шет қалмады. Алдағы уақытта осы бастамалардың сәтті жүзеге асарына күмән жоқ. Ол үшін бүкіл қоғамның тастүйін бірлігі мен ынтымағы қажет деп білемін.

Бауыржан МАСТЕКОВ,

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<