Жүйелі және ашық жұмыс нәтижесі

123

0

Сыбайлас жемқорлық – қай қоғамда болмасын мемлекеттің іргесін шайқалтып, азаматтардың тең құқығын жоққа шығаратын қауіпті әлеуметтік дерт. Ол тек экономикалық салаға емес, адамгершілік, моральдық құндылықтарға да кері әсер етеді. Сондықтан бұл індетке қарсы күрес ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азаматтың міндеті болуы тиіс.

Қазақстан Республикасын­да бұл ба­ғытта арнайы заңдар қабылданып, «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң аясында ке­шенді шаралар жүзеге асырылуда. Осы заң талаптарына сәйкес, мем­ле­кеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сон­дай-ақ ондағы қызметкерлер сыбайлас жем­қорлықтың кез келген түріне қарсы тұруға, оның алдын алуға жауапты.

Облыстық кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасы да бұл ба­ғытта ау­қымды жұмыстар ат­қарып келеді.

Басқармада мемлекеттік қыз­мет­ке жаңадан қабылданған әрбір ма­­ман мін­детті түрде сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы заң­намамен, мем­ле­­кеттік қызмет туралы ереже­лермен және әдеп нормаларымен толық таныс­­ты­­рылады. Соны­мен қатар, олар ар­найы түсіндіру се­ми­нар­­­­­ларына қатысып, сыбайлас жем­­­қор­­лыққа қарсы қолхат береді.

Қылмыстық жа­­уапкерші­лік­ке тартылған тұл­ғалар­дың тағдырына арнал­ған бейнема­териалдар көрсе­ті­ліп, нақты өмірлік мысалдар не­гізінде тү­сіндіру жұ­мыстары жүргі­зіледі. Бұл тек заңнан қорқу емес, адам­гершілік тұрғы­дан да сыбайлас әре­кеттен бойды аулақ ұстауға итер­мелейді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте басты құралдардың бірі – халықтың арыз-шағымы. Осы жылы басқармаға 143 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 98 өтініш қаралып, нақты шешім қа­был­данған, 34-і салалық ба­ғытына қарай өзге мекемелерге жолданған, ал 11 өтініш қаралу үстінде.

Азаматтардың шағымда­ры­на ашық әрі әділ жауап беру  мем­ле­кет­тік ор­ганның беделін арттырып, халықтың сенімін нығайта түсетіні анық.

Жемқорлықты болдырмау­дың ма­­ңызды тетіктерінің бі­рі – цифр­лан­ды­ру. Бүгінде бас­қар­ма тарапы­нан көрсе­тілетін мем­лекеттік қызмет­тердің ашық­­ты­ғын қамтамасыз ету үшін бір­­­неше бастама қолға алын­ды.

Атап айтқанда, әлеуметтік кәсіп­кер­лерді тізілімге енгізу қыз­­меті қағаз тү­рінде жүзеге асы­рылып келсе, оны авто­мат­тандыру қажеттігі туындады. Осыған орай, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кә­сібі ми­нистрліктеріне аталған қыз­­метті электронды жүйеге кө­ші­ру туралы ұсыныстар жол­данған.

Бұл бір жағынан қызмет көрсетуді жеңілдетсе, екінші жағынан адами фак­торды азайтып, жемқорлық тәуе­кел­дерінің алдын алады.

Жемқорлықпен күрестің же­місі тек тәртіптік деңгейде емес, эконо­микалық көрсеткіштерден де байқа­лады. Қызыл­орда облысы бүгінде инвестиция тарту және өнеркәсіптік өнім өндіру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

2025 жылдың алғашқы 4 айында облысқа 159,2 млрд теңге инвестиция тартылып, меже 22,2%-ға артығымен орындалды. Оның 99,4 млрд теңгесі жеке қаржы көздерінен тартылған.

Өнеркәсіп саласында 342,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 2,3%-ға өсті. Дегенмен Қызылорда қа­ла­сында мұнай өндірудің азаюына бай­ланысты төмендеу тіркелген. Бі­рақ өңдеу өнеркәсібінің көр­сеткіші 23,6%-ға артқан.

Басқарма кәсіпкерлік сала­сын қол­дау бойынша да ау­қымды жұ­мыс ат­қаруда. Осы жылдың өзінде 491 жо­баға 16 млрд теңге бөлінді. Жер­гілікті тауар өндірушілерге жылдық 6% мөл­шерлемемен 78,6 млн тең­геге дейін несие беретін «Қы­зылорда» өңірлік ин­вес­ти­циялық орталығы арқылы тиім­ді құралдар жүзеге асырылуда.

2025 жылдың алғашқы 4 айында өңірдің жалпы сауда айналымы 247,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда 104,3%-ды құрады.

Қазіргі таңда басқарма 8 түрлі мем­лекеттік қызмет көр­сетеді. Атап айт­қанда:

1. Жаңа бизнес идеяларды іске асы­ру үшін гранттар;

2. Өндірістік инфрақұрылым жүр­гізу;

3. Пайдалы қазбаларды бар­лауға, өн­діруге жер қойнауын пайдалану құ­қығы;

4. Пайдалы қазбалардың жоқ­тығы туралы қорытынды;

5. Құрылыс салуға рұқсат;

6. Кен іздеушілік лицензиясы;

7. Пайдалы қазбаларды өнді­руге лицензия;

8. Қара және түсті металл сы­нық­тарын жинауға рұқсат.

Ең бастысы, көрсетілген қыз­­мет­тер бойынша басқармаға арыз-шағым түспеген. Бұл – жү­йелі, таза және ашық жұмыстың айғағы.

Сыбайлас жемқорлықпен кү­­рес­тің нәтижелі болуы әр­бір азамат­тың адалдық пен әділ­­дікке деген се­німінен бас­талады. Басқарма тара­пынан күнделікті жұмыс барысын­да сыбайлас тәуекелдерді болдыр­мау ба­ғытында тұрақты түрде ескерту­лер жасалып, қыз­мет­­керлер арасын­да құқық­тық са­­уаттылықты арттыру жұ­мыс­тары жү­йелі түрде жүргізі­луде.

Сыбайлас жемқорлық – тек заң бұзушылық қана емес, қоғамның рухани дамуына да кедергі келтіретін фактор. Ендеше, бұл індетпен күресу – тек мемлекеттік органдардың емес, барша жұрттың азаматтық борышы.

Егер әр адам өзінің ісіне адал­дықпен қарап, әділет пен заң үстем­дігін бас­ты құндылық деп білсе, бо­лашақта па­рақор­лыққа орын қал­майды.

Дәурен ӘБІЛҚАЙЫРОВ,

облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының

басшысы.