Жүк көлігі газ құбырына соғылды

772

0

Маңғыстауда жүк көлігі газ құбырын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Бесшоқы» тұрғын үй орамына кірер жолда болған. Ауыр техника тиеген арнайы жүк тасымалдаушы көлік жоғары қысымды газ құбырын соғып, 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен.

Апатты оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы «Бесшоқыдағы» ауыр жүк көлігінің газ құбырына соқтығысқан апат орнына барды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жедел-жәрдем, ҚазТрансГазАймақ мекемесі тиісті шараларды қолданды. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Аудан әкімі ҚазТрансГазАймақ мекемесінің қызметкерлеріне 5 мыңға жуық отбасы ертеңге дейін көгілдір отынсыз отыра алмайтынын ескертіп, жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<