Жүлделі орындарға ие болды

731

0

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерін нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Тәуелсіздікке тағзым – тілге құрмет» облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау қорытындысы бойынша 22 ақынның ішінен Халықаралық Қазақ тілі Қоғамының Жаңақорған ауданы бойынша филиалының төрағасы, тіл жанашыры Нәрзілдаев Ізәтіллә мен Машбек ауылының жас ақыны Бексаба Ұланбек жүлделі екінші және үшінші орындарға ие болды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<