Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Осыған орай, ҚХП Қызылорда облыстық филиалы «Қызылорда тазалығы» ұжымымен кездесті. Мұнда 500 ге жуық адам еңбек етеді. Күннің ыстық, суығына қарамастан адал еңбек етіп, қаланың тазалығын сақтап жүрген «Қызылорда Тазалығы» ЖШС жұмысшыларына құрметіміз ерекше. Таңның атысы мен кештің батысына дейін көше аралап жүретін азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет.
Шара барысында ҚХП өкілдері ұжымды партия атынан құттықтап, олардың лайықты жұмысы үшін алғыс білдіріп, Құттықтау хат табыстады. Жұмысшы мамандықтар жылы – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
ҚХП ұйымдастырып отырған салтанатты құттықтау шарасы жұмысшы мамандықтарды құрметтеу мен қолдаудың символына айналып, еңбек ұжымдарының Қазақстанның тұрақты және табысты дамуының қалыптасуындағы маңызын айқындайды. Және де бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<