Гүлшара Әбдіқалықова: «Жосалы мен Жалағашқа газ жетеді»

906

0

Қызылордада екі аудан орталығы – Жосалы және Жалағаш кенттері көп ұзамай «көгілдір отынға» қосылады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Бүгінде облыс халқының 97 проценті орталықтандырылған ауыз сумен, 65 пайызы табиғи газбен қамтылған.

– 2020 жылы 16 елді мекенде су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 4 млрд. теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 100 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтылды, – деді облыс әкімі.

Еске салсақ, биыл ақпан айының басында Тереңөзек кенті газға қосылды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<