Өткен жолымызды, шыққан биігімізді бағалай білуіміз қажет

1596

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым. Мағыналы мақаладан ұғарымыз мол. Президент ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел қағидатын ұстана отырып, барша қазақстандықтарды татулық, бірлікке шақырады. Осы орайда ұлты мен нәсіліне қарамай, бар халықты бір тудың астына жинай алған Елбасының сындарлы саясатын көпке үлгі.

Тәуелсіз Қазақ елінде жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолымызды, шыққан биігімізді бағалай білуіміз қажет. Өйткені, өткенін бағалай білмейтін ел келешегін де болжай алмайды.

«Бірлік те ерлік сияқты сын сағатта сыналады» дейді дана халқымыз. Еліміз пандемия салдарынан көптеген қиыншылықтарға тап болды. Дегенмен, қазақстандықтар бұл қиын сәтте  ауызбіршілік, жанашырлық танытып, бір-біріне қолдан келген көмектерін аямады. Расымен, бірлік пен ынтымақ рухани құндылықтарды сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін аса қажет. Сондықтан қазіргі заманда бұл әрбір қазақстандықтың парызы болуы тиіс деп ойлаймын.

Юсуп САИДОВ,

облыстық шешен этномәдени

бірлестігі жетекшісінің орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<