«Қайырымды істер марафоны» Шиелі ауданында жалғасуда

707

0

Аудан әкімдігінің бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және республикалық «Қайырымдылық істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында игі істер жалғасын табуда.

Акция аясында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен аудандағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды. Салмағы 50 кг құрайтын қорапта ең қажетті күріш, макарон, ұн, қант, май, шай өнімдері бар.

«Бұл акцияға 100 отбасы қамтылып, қайырымдылық көмегін жеткізу шарасына ерікті жастар тартылды. Шара өз жалғасын таба бермек» – дейді аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<