Қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме?

824

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге төлене ме деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Еңбек министрлігі 42 500 теңге төлеуді қайта бастау жоспарланбағанын мәлімдеді.

«Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды», – деп жауап берді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ТЖ режимі мен карантин кезінде қызметке енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан тұрғындарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленген.

«Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алды», – деп толықтырды министрлік қызметкерлері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<