Қызылорда қаласының бас шыршасы қашан жағылады?

609

0

Фото: ашық дереккөз

Шырша – жаңа жылдың басты символы. Әдетте жыл сайын тұрғындар бас шыршаның шамын жағу рәсімін асыға күтеді. Көптің көкейіндегі сауалға Қызылорда қаласы әкімдігінен жауап алдық.

Осыған дейін алып шырша орталық алаңда жарқыраса, биыл Қызылорда қаласы әкімдігі ғимаратының алдына орналастырылады. Шыршаны жағу рәсімі 26 желтоқсанға жоспарланған. Сондай-ақ, шырша жағылған кейін қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады.  

Айта кету керек, шыршаның биіктігі 22 метрді құрайды және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендірілмек.

Kyzylorda-news.kz. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<