Шілдедегі шаруа қамы

428

0

Биыл облыста 195,9 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақылдардың үлесі 100,4 мың гектар. Диқандар 88,1 мың гектар күріш екті. Басты дақылдың көлемі былтырғыдан 9,5 мың гектарға артық. Сондай-ақ, картоп, көкөніс-бақша дақылдарының көлемі өссе, майлы және малазықтық дақылдар біршама азайған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, жылдағыдай егісті әртараптандыруға мән беріліп отыр. Атап айтқанда, соя 74, қант құмайы 221, жүгері 968, сүрлем жүгері 1,3 мың гектарға жеткізілген. Оған қоса су үнемдеу технологиялары қолданылып отыр. Осындай әдіспен егілген дақылдар 872,5 гектарға жеткізілген. Олардың қатарында көкөніс, бақша, картоп, күнбағыс, жаңа жоңышқа, сүрлем жүгері, алма бағы бар.

«Қазір күріштен басқа дәнді дақылдарды жинау науқаны жүріп жатыр. Диқандар 3,4 мың гектар күздік бидайдан орташа есеппен 14 центнерден, ол жаздық бидайдан 7, арпадан 3,6 алды. Сондай-ақ, 43,3 мың гектар жоңышқаға алғашқы орақ түсіп, гектарына 25,1 центнерден өнім жиналды», – дейді басқарма мамандары.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<