Педагог мәртебесін көтеруде тың бастамалар қолға алынды

587

0

Қызылордада «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында тамыз кеңесі өтуде.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биылғы кеңеске ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев қатысуда. Сондай-ақ, кеңеске Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова қатысып отыр.

– Құрметті меймандар, туған жер – қасиетті Сыр еліне қош келдіңіздер! Қадірлі ұстаздар, Өздеріңізбен аймақ басшысы ретінде Тамыз мәслихатында алғаш рет кездесіп, ортақ мүдде жолында бас қосып отырмыз. Ең алдымен білім саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласымды білдіремін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл ретте, биылғы тамыз кеңесінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атауын еншілеуі құндылықтардың қай кезде де биік екенін тағы бір дәлелдеді. Себебі адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді.

Президент бастамасымен соңғы жылдары білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылып, педагог мәртебесін көтеруде тың бастамалар қолға алынды. Бұл өз кезегінде ұстаздарға деген айрықша құрмет, білім саласына жасаған ерекше қамқорлық.

Білім – жан-жақты және жүйелі жұмысты қажет ететін күрделі, әрі ауқымды сала. Соның маңызды құрамының бірі – қаражат мәселесі.

Биылғы жылы білім саласына бөлінген қаржы 204,8 млрд.теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 42,8%-ын құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда17%-ға артық (2021 жылы 173 674,7 млн тг). Тиісінше, алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржы көлемі арта бермек, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<