«Қазпошта» АҚ облыстық филиал директоры тағайындалды

386

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық тағайындаулар бойынша өткен жиында «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының директоры таныстырылды.

Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған сала басшысының қызметіне сәттілік тіледі.

  • «Қазпошта» акционерлік қоғамы Төрағасының бұйрығымен Қызылорда облыстық филиалының директоры болып Кенжебаев Ғалымжан Арыстанбекұлы тағайындалды.
    Ғалымжан Арыстанбекұлы алған білімі мен жиған тәжірибесін мемлекет мүддесіне арнай отырып, облыстағы халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттырып, тиімді қызмет атқарады деп сенеміз, – деді Н.Нәлібаев.

Кенжебаев Ғалымжан 1982 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қызылорда мемлекеттік университетін «Есеп және аудит», Қызылорда гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Жаңақорған аудандық білім бөлімінің есепшісі болып бастаған.

2004-2017 жылдары «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының есепшісі, бөлім және басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2017-2022 жылдары облыстық филиал директорының орынбасары, Сырдария аудандық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<