Үздік студенттерді білесіз бе?

787

0

         Облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастардың қатысуымен «ТОП – 20 студент» жобасының жеңімпаздары марапатталған еді. Бұл жолы білім алып, әрі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген жалынды жастармен таныс болыңыздар.

         Төребай Томирис Қанатқызы – Қызылорда технология және қызмет институтының «Құқықтану мамандығының студенті. Ол бірінші курс студенті болса да оқу орнындағы байқауларға белсенді қатысады. 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған «Алаштың асқақ арманы» театрландырылған қойылым байқауында өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, бас жүлде иеленген. Сонымен қатар, қойылымдарға қатысып, көшбасшылық қабілетімен көрініп жүр. Үш айда белсенділігі үшін оқу орны «Ең үздік ұйымдаструшы» номинациясымен марапаттаған.

Бұл жігіт – Батыржан Бауыржанұлы. Ол Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенті. Электрмен қамтамасыз ету мамандығында білім алып жүр. Бір жылдан бері оқу орнының студенттер қоғамдық комиссиясының төрағасы. «Қазақстан еріктілер лигасы» республикалық жастар ұйымының облыстық филиалы төрағасының  орынбасары. «Сыр жастары» штабының мүшесі. Бос уақытында спортпен шұғылданып, жаңа дүниелермен танысқанды ұнатады.

         Нағашыбай Дильназ Нұрланқызы – ол Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті. Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен өткізілген «Талап қыл артық білуге» облыстық интелектуалды байқауының, «Интеллект» білім және ғылым орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайыстарының жеңімпазы. «Жас ғалым – 2019» ғылыми мақалалар жинағында авторлық баяндамасы жарияланған.

         Мұсабекова Дариға Алматқызы – Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті. Оқу орнының Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мақтан тұтар студенттеріміз 30 есім» атты кітапқа енген. «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы мен «Үздік студентттер» академиясының ұйымдастыруымен өткен «ҚР Үздік студенті-2022» байқауының жеңімпазы. «Елбасы медалы» жобасының қола медаліне үміткер, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 60-тан аса өлеңін жатқа оқиды.

         Әбуова Бибіфатима Нұрланқызы – «Өркениет» медициналық жоғары колледжі «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті. Панркатионнан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидант, ММА-дан (Mixed Martial Arts жасөспірімдер мен жастар арасындағы) облыс чемпионында 52 келі салмақ дарежесінде 1 орын иеленген.

         Аманжолов Арман – М. Ықсанов атындағы политехникалық колледждің студенті. Батыр жігітті біздің оқырмандарымыз жақсы таниды. Естеріңізде болса, кәріз құдығына түсіп кеткен баланы құтқарған Арман Аманжолов туралы алғаш болып жазған едік. Артынша оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алғыс білдіріп, демеушілерімен бірге екі бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығының алғыс хатын, Бөген ауылдық округінің әкімінің алғыс хатын иеленген. «Сыр үміті» жастар сыйлығына үміткер.

         Хегай Роман Алексеевич – М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің 1 курс студенті. Бала күнінен спортқа құмар Роман «Жазғы Қазақстан» оқушылар гимназиадасында 3 орын иеленген. Тәуелсіздік күніне арналған 2007 жылғы жасөспірімдер арасында велоспорттан өткізілген жарыстан 3 тур бойынша 3-орын иегері, 20 шақырым критериум жарысының 2-орын жүлдегері. Күзгі демалысқа арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында топтық жарыс бағдарламасы бойынша жүлделі 1 − орын иеленді, 16 шақырым критериум жарысының 2-орын жүлдегері.

         Тоқжанова Нұрай Ғалымжанқызы – С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі 2 курс  студенті. Екі жылдағы жетістігі мол. Ол − қазір Колледж Президенті. Спортпен де шұғылданады. Облыстық жүгіру жарысында 1-орын  жеңіп алған. Футбол үйірмесіне 5 жыл қатысып көптеген сайыстарда жеңіске жеткен. Колледж бойынша дебат үйірмесінің төрайымы. Мәнерлеп оқудан жүлделі орындар алып жүр.

         Мұхан Ақниет Алматқызы – И. Әбдікәрімов атындағы қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінде «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығында білім алып жүр. Колледжде студенттер парламентін басқарады. «Қала аруы − 2021», облыстық «Сыр бұрымдысы − 2021» байқауларының жеңімпазы.  Облыстық «Күріш − ел ырысы» ғылыми жоба сайысында 2 орын иеленген.

         Абдуллаева Сандуғаш Нариманқызы – И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің «Электр станциялары мен желілерінің электржабдығы» мамандығында білім алып жүр. Ол «Үздік 100 топ студент» байқауының жеңімпазы. «Саналық ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі. Жылыжай шаруашылығы  күн энергиясын қолдану арқылы энергиямен қамтамасыз ету ғылыми жобасын зерттеп, жазған.

        

Таңат Қанатұлы – М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары колледжінің 4-курс студенті. Жас ақын, жазушы. Түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі.

Сақтағанова Аружан Орынбекқызы – М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» атты облыстық колледж білім алушылары арасында өткізілген акындар мүшайрасында ерекше дарынымен көзге түскені үшін алғыс хат, «Журналистік шеберлік» жобасы аясында «Үздік бағдарлама» байқауының жүлделі III орын иегері. «Тарихқа тағзым − ұрпаққа тағылым» атты калалық жыр мүшәйрасының жүлдегері, Қазақстан халқы тiлдерi күнi мерекесіне орай колледжде өткен «Тіл − татулык пен тұрақтылық негiзi. Ұлт казынасы» атты апталық аясындағы «Биік сенің мәртебең, Ана тілім» атты көркем сөз сайысына белсене қатысқан.

         Назым Сембиева Нағашыбайқызы – М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті. 2021-2022 оқу жылында колледж кітапханасымен тығыз байланыс орнатқаны үшін «Ең үздік оқырман – 2022», «Талғампаз оқырман» номинациясын иеленген. Республикалық дәстүрлі интернет олимпиада сайтында ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың жеңімпазы. Республикалық «Білім айнасы» ғылыми танымдық журналда материалы жарияланған. «Altyn Qyran – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы, Қызылорда қаласының мерейлі мерекесіне орай ұйымдастырылған «KitapFest» кітап фестиваліне белсене қатысқаны үшін марапатталған.

         Оңғар Гүлназ Талғатқызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті. 2020 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Ұлы дала  елінің тарихы» тақырыбында ұйымдастырылған «Кім? Не? Қайда?» интеллектуалды-танымдық ойында 1-орын иеленген. 2020 жылы Қызылорда облысының прокаратурасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар терроризмге жол бермейді» тақырыбында өткізілген сайысқа белсене қатысып, жүлделі 2-орын жеңіп алған. 2022 жылы «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған республикалық химия пәнінен студенттер арасындағы онлайн олимпаядадан диплом берілді. 2022 жылы Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы атты XXIV студенттердің ғылыми тәжірибелік конференциясында 1 орын алған жеңіп алған.

         Мирамбекқызы Жансая – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жаратылыстану» институтында 4 курс студенті. 2022 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің мерейтолық төсбелгісін иеленген. ТМД бойынша «Үздік студент» атты президенттік стипендия иегері, Қызылорда «Болашақ» университеті, Арал-Сырдария бассейнінің экологиясы мен биоресурстары ғылыми-зерттеу институты жылыжайының ғылыми қызметкері, жеке кәсіпкер. 2022 жылы өзінің жеке кәсібін ашу мақсатында «Бизнестің жол картасы − 2025»  бағдарламасы бойынша, өзінің инновациялық бизнес жоспарын ұсыну арқылы қайтарымсыз қаржылай қолдау тапты.

         Шарапат Берікбол Қойшыбайұлы – Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының студенті. Ол «Тəуелсіздікке мың тағзым» атты облыстық ақындар мүшайрасының жүлделі екінші орын жеңімпазы. Қасым Қайсеновтың мерейтойына байланысты онлайн түрде өткізілген облыстық ақындар мүшайрасынан жүлделі 2-орын, Ғани Мұратбаевтың 119 жылдығына орай өткізілген аудандық ақындар мүшайрасынан «Ең жас ақын номинациясы, «Таңшолпан» əн байқауының алғыс хат иегері. Жоба қорғау жарысынан облыс бойынша жүлделі 3-орын алған. .Ақындар мүшайрасынан облыс бойынша екі рет жүлделі 2-орын алды. Шахматтан да сайыстарға қатысып жүр. Аудандық, колледжішілік конференцияларға қатысып, .«2022-үздік оқырман» атанған. «Жігіт сұлтанынан» бас жүлде иеленген. Сурет салу сайысында колледж бойынша 3-орын жеңіп алған. Ән салатын өнері де бар.

Жәнібекова Әзиза Манасбекқызы – Қармақшы аграрлы- техникалық колледжінің студенті. Ол «Ustaz-tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған студенттер арасындағы блиц-турнирде білімі мен жоғары ойлау дағдысымен ерекшеленіп 2-орын иеленген. «World Skills College-2022» колледжішілік байқауында «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша 2-орын жеңіп алған. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай республикалық «Абай мұрасы» танымдық порталының ұйымдастыруымен өткен «Көзімнің қарасы» атты байқауда ақын өлеңін оқудан 1-ші орынды иеленген. Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің  белсенді жастарының бірі және колледжішілік қыздар кеңесінің төрайымы.

Жанықұлова Индира Ерқожақызы – Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенті. «Жас дарын-2022» атты ғылыми жобаның жеңімпазы. Техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасындағы өткізілген физика пәнен облыстық олимпиадаға белсене қатысқаны үшін, ТжКБб оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген «Заман заңғарлары» тақырыбындағы облыстық интеллектуалды сайысқа белсене қатысқаны үшін, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Б.Сайдулланың алғысымен марапатталған. «Ұлтының ұлы ұстазы» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық конференцияда 1-орын алғаны үшін «Qadam» Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаорвтың алғыс хатымен марапатталған.

Шекербек Айсана Арыстанбекқызы – Шиелі индустриалды-аграрлық коледжінің Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығында білім алп жүр. Ол «WorldSkills Kazakhstan-2021» аймақтық іріктеу байқауында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша жүлдеді 1-орын иеленген. «WorldSkills Kazakhstan-2021» облыстық іріктеу байқауында жеңіске жетті. Қарағанды қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan-2021» республикалық іріктеу чемпионатына қатысып жүлделі болды. Астана қаласында өткен Ұлттық онлайн олимпиадалар орталығы ұйымдастырған Халықаралық «Абай мұрагері» байқауынан жүлделі 3-орын және «Абай мұрагері» төсбелгісімен марапатталған. Алматы қаласында өткен ақын Сансызбай Құттыбаевтың поэзиясына арналған «Шабыт өрені» атты республикалық жас ақындар мүшайрасынан жүлделі 2-орын, Жаңақорған ауданында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan-2022» облыстық іріктеу байқауынан жүлделі 2-орын иеленген.

Әбдешов Ерұлан Алматұлы – Шиелі индустриалды-аграрлық коледжінің студенті. «Алтын кітап» атты оқушыларға және студенттерге арналған республикалық пәндік олимпиадасының I дәрежелі жеңімпазы. Тараз қаласында өткен «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер, ұстаздар және талантты өнерпаздар арасында өткізілген байқаудың «Вокал» номинациясы бойынша I орын иегері, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 9 мамыр − Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған суретшілер байқауында жүлделі I орын жеңіп алған. Алматы қаласында өткен «Наурыз – көктем» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Вокал» номинациясы бойынша жүлделі II орын жеңіп алды. Ауыр атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 2005-2006 жылы туылған оқушылары арасында өткен облыс біріншілігінде жүлделі II орын иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<