Чемпиондар лигасының финалы қайда өтеді?

299

0

Алдағы төрт жылда UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтетін стадиондар анықталды.

Аталған доданың 2022-2023 жылғы кезеңдегі ақ­тық сыны Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік атындағы олимпиада стадионында өткізіледі. Бұрын оның Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Аренада» өтетіні жарияланған еді. Чемпиондар лигасының финалы биыл Стамбулда өтеді деп жоспарланған. Эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесіне байланысты финал аталған қаладан Португалияның Порту қаласына ауыстырылды.

Енді Мюнхен 2024-2025 жылғы кезеңде аталған доданың ақтық сынын өзінде қабылдайды.

Ал 2023-2024 жылғы кезең финалы Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында болады. 2021-2022 жылғы кезеңдегі финал Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өткізіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<