«Киік» кең ауқымды акциясы басталады

651

0

15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өткізіледі. Акция еліміздің 12 облысында жүргізілетін болады. Іс шараның бастамашылары ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ішкі істер министрілігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрық негізінде ұйымдастырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Берік Жорабеков мәлімдеді.

– Киік аңы жойылып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар қатарына жатады. Бұл жануарды 2023 жылға дейін аулауға және тұтынуға тыйым салынған. Қызылорда облысының солтүстік-шығыс беткейі қарақұм деп аталатын далалық аумағына бетпақдала популяциясының киіктері қыс мезгілінде қоныс аударады. Биылғы жылы 30 мыңға жуық киік аңдары қоныс аударғаны байқалады. Сонымен қатар акция аясында құзырлы құқық қорғау органдарымен бірлесіп Қызылорда-Ақтөбе, Қызылорда-Жезқазған, Қызылорда-Түркістан бағытындағы жолдарға мобильдік топтар жұмыс істейтін болады, – деді Берік Жорабеков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<