Статистика саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды

231

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен статистика саласында жарияланатын мәліметтердің әдістемелік нұсқаулықтары бойынша семинар-кеңес өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменттің жауапты қызметкерлері тарапынан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасын қалыптастыру, мемлекеттік статистика туралы заңының өзгерістері және әр шаруашылық бойынша есепке алуды және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарының тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Қала әкімінің орынбасары жиынды қорытындылай келе, жауапты мекеме басшылыларына тіркелген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бойынша салыстыру және өзектендіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ, есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларында анықталған сәйкессіздіктер бойынша тиісті түзету жұмыстарын ең қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<