Жаңа Қазақстан жаңа жолдармен

725

0

  Кесте бойынша телімдерден өткізілетін пойыздар қозғалысына еш кедергі келтірмей күрделі жөндеу жұмыстарына берілген толаскезді тиімді пайдаланып жатқан теміржолшыларды қалай мақтан тұтпасқа?! 

  Биыл Қызылорда теміржолшыларымен 70,095 шақырым жол күрделі  жөндеуден өткізу  жоспарланған. Наурыздың 25 күні бұл жұмыстар бөлімшенің оңтүстігіндегі Сауран-Бесарық-Талап-Аққұм станциялары аралығында 26 шақырым тақ жолдардан басталғанды. Енді  бүгін телімнің 3056-3048 км аралығында 8 шақырымында жаңадан жол салынуда. Бұған 60-қа жуық теміржолшылар  жұмылдырылып, телімде жұмыс қызу жалғасуда. Ары-бері арақашықтықты өлшеу құралдарымен есептеп жүрген мамандардың жанынан табылған жол дистанциясының басшылықтарыда  жол төсемінің технологиялық талаптарға сай болуын қадағалап бағуда.  

 ̶ Жол салу жұмыстарымен аймаққа танымал «Integra Construction KZ» ЖШС Батыс дирекциясы айналасады. Толаскез барысында біздің дистанция мамандарынан құралған топ бақылап, қабылдап аламыз. Ел Президенті, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды бірге  қалыптастыруда берген тапсырмасын орындау барысында Қызылорда теміржолшыларымен   жаңа  жолдар  салынуда.  Жаңа жолдар салынып болғаннан  кейін, отандық рельстер төселетін болады. Ең бастысы біздің теміржолшылар көтергіш-төсегіш кранмен, ауыр трактор мен бульдозерлер, автогрейдерлер секілді ауыр техникаларды  пайдаланып, адал да сапалы  еңбектерімен өз үлестерін қосуда. Алдағы күндері тағы да 8-12 сағаттық толаскез алып, жұмысты  әрі қарай жалғастыратын боламыз, ̶ дейді жол дистанция басшысы, аталмыш бастауыш ұйымның  төрағасы Марат Оңалов.

Жауапты істе теміржол майталмандарына сәттілік  тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<