Жапонияда тұңғыш рет әйел адам әскери кемелер командирі қызметіне тағайындалды

467

0

Жапонияда тұңғыш рет әйел адам әскери кемелер командирі қызметіне тағайындалды Жапон әскери-теңіз күштері тарихында тұңғыш рет әйел-офицер әскери кемелер тобының командирі болып тағайындалды, – деп хабарлайды 24 Хабар.

44 жастағы Реко Азума есімді бірінші ранг капитаны жақын арада жаңа қызметіне кіріспекші. Енді ол «Идзумо» атты тікұшақ тасығышты қоса есептегенде 4 кемеге жетекшілік етеді. Қарамағында мыңға жуық адам жұмыс істемек. Реко Азумоның қызметке кірісу салтанаты Йокосука әскери-теңіз базасында өткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, ол 2013 жылы 39 жасында әскери кемеге капитан болған тұңғыш әйел ретінде танылған еді, Соңғы уақытта елде әйел адамдарды қарулы күштерге тарту жұмыстары жиі жүргізіліп келеді. Тіпті, оларға әскери ұшақтарды басқаруға да рұқсат етілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<