Облыс әкімі Жеңіс Сейдоллаұлын мерейтойымен құттықтады

700

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқосуда аймақ басшысы әншінің Ұлы Жеңіс күнімен қатар келген 60 жас мерейтойымен құттықтады. Өңір басшысы отандық эстрададағы қолтаңбасы бар Жеңіс Сейдоллаұлына шығармашылық табыс тілеп, оның туған жерге арналған туындыларын Сыр жұртшылығы жақсы ілтипатпен қабылдайтынын жеткізді. Мерейтой иесіне аймақ жұрты атынан Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстады. Өз кезегінде Жеңіс Сейдоллаұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді. Айта кетейік, талантты композитор, әншінің Н.Бекежанов қазақ академиялық музыка драма театрында «Сен деп соққан жүрегім» атты кеші өтті.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»