Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

168

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жарқын Омаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде балалардың жол-көлігі жарақатының алдын алу жөнінде қабылданған шаралар мен кәмелетке толмағандарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қалыптастыру, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды өзекті мәселелер қозғалды.

Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, комиссия кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі ұдайы назарда болуы қажеттігін айтты.

Аудан әкімінің орынбасары жиынды қорытындылап жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<