Олимпиада алауы Францияға жетті

253

0

Фото: видеодан алынған кадр

Ел аумағында алауды алғашқы болып ұстаған француз жүзгіші Флоран Маноду болды. Париждегі ойын 26 шілдеде басталады, деп хабарлайды Еuronews.

Францияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Оны Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласына ХIХ ғасырдағы Белем желкенді кемесімен алып келді. Алау Грекиядан келгеннен кейін оны бірінші болып француз жүзушісі, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Флоран Маноду ұстады.

Желкенді кеме Марсельдің ескі портына Францияның әнұранымен кірді. Салтанатты шараны жағалаудан 50 мыңға жуық адам тамашалады.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<