Алик Айдарбаев \»ҚазМұнайГаз\» басшысы болып тағайындалды

352

0

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда Сауат Мыңбаев имденген деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңа басшыны ұжымға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Алик Айдарбаев әртүрлі жылдары «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» компаниясының (кейін атауы «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да баcшылық қызметтерде болған.
2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры болса, 2013-2017 жлдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Ал 2018 жылдың 15 қаңтарынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<