АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

307

0

Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өткен жылды қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді. Жиында сот төрағасы Бақытбек Елшібеков азаматтық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру нәтижесін баян етті.

– Өткен жылы 4851 талап арыз, 125 азаматтық іс түскен. Ал, 22 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен, 40 азаматтық іс медиация тәртібімен, 4 азаматтық іс партисипативті тәртіппен аяқталды. Нәтижесінде тараптардың медиацияға келіп, татуласуына байланысты 17 543 274 мемлекеттік баж кері қайтарылған, – деді Б.Елшібеков.

Өткен жылдан Жоғарғы сот бастамасымен «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы жүзеге асырылып келсе, солар­дың бастысы – «Мінсіз судья» бағдарламасы.

Сот төрағасының мәлімдеуінше, соңғы жылдары сот тәжірибесінде қол­­даныла бастаған жаңғыртылған сот жүйесінің ғаламтор-ресурстары, сот процесінің қатысушыларын СМС және электронды пошта арқылы құ­лақ­тандыру, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті», «Электронды шақыру қағазы» сынды бірқатар ақ­параттық жетістіктер жұмысты едәуір жеңілдетуде.

Шынар БЕКБАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<