БАӘ президенті қайтыс болды

607

0

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян 73 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды The Jerusalem Post.

БАӘ мемлекеттік WAM ақпараттық агенттігінің мәліметінше, мемлекет басшысы ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған.

БАӘ министрлігі елде 40 күндік қаралы күн басталатынын хабарлады. Федералдық және жергілікті деңгейдегі министрліктер, жеке сектордағы жұмыс үш күнге тоқтатылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<