Бейбіткүл Каримоваға Қызылорда облысының құрмет грамотасы табысталды

3

0

Фото: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызын жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.

Мейрамбек Зинабдинұлы Бейбіткүл Сәрсемханқызының бастамасымен өңірдің басты білім беру ордасында ауқымды жұмыстар атқарылғаны, ғылыми жобалар қолдау тауып, жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

«Бейбіткүл Сәрсемханқызы, жауапкершілік жүгі ауыр қызметтік міндетін атқаруда өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті зор басшы ретінде көрсетті. Аймаққа қажетті мамандар даярлау, студенттердің оқу процесін ұтымды ұйымдастыру және оқу ғимараттарын жаңалауда жүйелі жұмыс жүргізе білді. Қорқыт ата университеті республика көлемінде үздік ЖОО қатарынан көрініп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Білім беру саласында атқарған нәтижелі қызметі мен елеулі еңбегі үшін Бейбіткүл Сәрсемханқызына Қызылорда облысының ең жоғарғы марапаты – Құрмет грамотасы табысталды.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагері Сәпен Аңсатов, технология ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев өз құттықтауларын жеткізіп, сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Бейбіткүл Сәрсемханқызы 6 жыл бедерінде қолдау білдірген барша сырбойылықтарға ризашылығын жеткізді.