Игілігін бірге көреміз

942

0

Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді.

Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі шаралар жүргізілуі қажет, ол қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады. Осы орайда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дайындалған Жол картсында жалпы кәсіпкерлікті қолдау бағытында көптеген жұмыстар қамтылып отыр.


Атап айтар болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 55 мыңға жеткізу, оларда өндірілген өнім көлемін 400 млрд. теңгеге дейін ұлғайту, «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы шеңберінде несе беру тетіктерін пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, кепілдендіру, өтеусіз негізде грант беру, жас кәсіпкерлерге грант беру мәселелері қамтылған. Олардың орындалуы бойынша әрбір сала бойынша жауапты басқармалар, сондай-ақ, депутаттық фракция мүшелері бекітілді. Біз Жол картасында қамтылған жұмыстардың сапалы, уақытылы орындалуына бақылау жүргізіп, фракция отырыстарында атқарылған жұмыстардың есебін тыңдайтын боламыз.


Бұл жұмыстардың барлығын «Nur Otan» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірімізді дамытуға бағыттап отыр. Алда игілігін бірге көретін боламыз.

Бақдаулет Махашов,

облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы

депутаттық фракциясының мүшесі,

облыстық партия филиалы жанындағы

партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<